Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Paying Taxes 2019 зерттеуінде 190 елдің ішінде 56-шы орынды алды.
Өткен жылы еліміз 50-ші орында, ал 2016 жылы 60-шы орында болған.
Зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстанның жалпы салық мөлшрлемесі 29,4% құрайды, бұл компаниялар пайдасына салынатын салықтар мен жарналардың үлес салмағы болып табылады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде сақталды.
Бұл көрсеткіш Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері бойынша орташа мәннен төмен (32,8%), сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша орташа мәннен айтарлықтай төмен (40,2%).
Paying Taxes зерттеуін PricewaterhouseCoopers 14 жыл бойы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүргізеді.
Сарапшылар әлемнің 190 елінде салық заңнамасын және қолдану тәжірибесін талдайды. Бұл технологияның стандартталған компания тұрғысынан басқару әдісі мен салық жинау әдісіне қалай әсер ететінін көрсетеді. Салыстыру үшін көрсеткіштер: жалпы салық ставкасы, талаптарды сақтау үшін қажетті уақыт, төлемдер саны болып табылады. Сонымен қатар, зерттеу ҚҚС қайтаруды және КТС бойынша декларацияны түзетуді талдайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024