Экономика
Экономика1
Қазақстан Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға электр энергиясын экспорттауы мүмкін
Қазақстан CASA-1000 жобасы аясында электр энергиясын Ауғанстанға және Пәкістанға экспорттау мүмкіндігін қарастыруда, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «KEGOC» Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.
"Қазір Ауғанстан мен Пәкістанда шынында электроэнергиясына тапшылық бар. Бірақ Қазақстандағы артық энергияны жеткізетін біздің арнайы жүйелеріміз жоқ. Қазір Қазақстандағы профицит шамамен 4-5 мың МВт-ны құрайды. Шектік тарифтердің енгізілуіне орай бұл көрсеткіштерді арттырдық. Біз бұл бағыттарды CASA-1000 жобасы аясында қарастырып отырмыз, ол Қырғызстан мен Тәжікстан, Ауғанстан тарапынан жүзеге асырылып отыр», - деді Б.Қажиев.Сонымен қатар, ол Қазақстанның солтүстігінде электр энергиясының артылуы, ал оңтүстікте - тапшылығы байқалып отырғанын айтып өтті. Оның сөзінше, Ресейде 20 мың МВт көлемінде электр энергиясы профицитінің болуына қарамастан, Екібастұз ГРЭС-2 РФ-на 200-300 МВт көлемінде электр энергиясы жеткізіледі.
«Егер қытай тарапын қарастыратын болсақ, қытай тарапына электр энергиясын жеткізудің өте үлкен көлемдері қажет екенін түсінуіміз қажет. Оларға Шыңжаң-Ұйғыр өңірімен шекарасындағы жеткізу онша қызық емес, оларға орталық бөлікке, Ухань ауданына жеткізу қажет. ҚХР-дағы әріптестерімізбен осындай келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деп мәлімдеді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024