Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан азық-түлік бағасының өсуі бойынша ЕАЭО-да көш бастады

Қазақстан азық-түлік бағасының өсуі бойынша ЕАЭО-да көш бастады

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары инфляция деңгейінің бірін тіркеді.

Қазақстанда 2019 жылғы шілдеде жылдық инфляция 2018 жылғы шілдемен салыстырғанда 5,4%-ды құрады. Жоғары көрсеткіш Беларусьте ғана тіркелді - 6%, деп Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері куәландырады.

Өз кезегінде Ресейде тұтыну бағасы бір жылда 4,6%-ға, Арменияда - 1,7%-ға, Қырғызстанда - 1,5%-ға өсті.

Қазақстан ЕАЭО-да тұтыну тауарларына бағаның өсуі бойынша көш бастап тұр - жылына 8,7%. Беларусьте - 6,7%, Ресейде - 5,5%, Армения мен Қырғызстанда – 2,8%-дан.

Сондай-ақ, Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардың бағалары бойынша Одақтағы ең көп инфляция байқалды - 5,9%. Беларусьте - 4,1%, Ресейде - 3,6%, Арменияда – 1,9%, Қырғызстанда – 0,1%.

Бұл ретте Қазақстанда ақылы қызметтерге бағаның өсуі Ресей мен Беларуське қарағанда 0,8%-ға аз болды - тиісінше 4,5% және 7,3%.

2019 жылдың басынан бастап тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне келетін болсақ, ең жоғары өсім Беларусь пен Қазақстанда тіркелді - сәйкесінше 3,1% және 2,8%.

Ресейде Жыл басынан бері инфляция 2,7%-ды, Қырғызстанда - 0,3%-ды құрады. Арменияда жеті ай ішінде баға 1,8%-ға төмендеді.

Еске сала кетейік, маусым айында азық-түлік тауарларының қымбаттауы бойынша Қазақстан ЕАЭО-да көшбасшы болған.

Өз кезегінде елге әкелінетін тауарлардың бағасы жыл ішінде 10%-ға өсті.

Похожие материалы