Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан балалардың өмір сүру рейтингісінде көрсеткішін жақсартты

Қазақстан балалардың өмір сүру рейтингісінде көрсеткішін жақсартты

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Қазақстан End of Childhood Index-2019 балалардың өмір сүру сапасының әлемдік рейтингісінде көрсеткішін жақсартып, 176 елдің ішінде 40-шы орында иеленді.Бұл туралы Save The Children халықаралық қорының есебінде көрсетілген.

Рейтинг елдерді 1000 балдық шкала бойынша бағалайды және балалық шақтың ерте аяқталуына әкелетін келесі факторларды ескереді: балалар өлімі, кәмелетке толмағандар арасындағы неке, балалар еңбегі және ерте жүктілік. Сондай-ақ рейтинг балаларды бастауыш және орта біліммен қамтуды ескереді.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан өңірдің басқа елдерін 933 балмен басып озды (40-орын). Түркіменстан,Тәжікстан және Қырғызстан тиісінше 67-ші, 90-шы және 94-ші орындарды иеленді.

Рейтингттің бірінші сатысында - Сингапур. Алғашқы ондыққа Швеция, Финляндия, Норвегия, Словения, Германия, Ирландия, Италия, Оңтүстік Корея және Бельгия кірді.

ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш Беларусьте (34-ші орын), одан әрі Ресей (38-ші орын). Әзірбайжан 89-шы, Украина 42-ші орынға ие болды.

Чад, Нигер және Орталық Африка Республикасында балалардың өмір сүру сапасы ең төмен бағаны алды.

Айта кетейік, Өткен жылғы рейтингте Қазақстан 45-ші орынға орналасты.

Похожие материалы