Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша заңды тұлғалардың қазақстандық банктердегі салымдарының көлемі небәрі 8,11 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3%-ға аз, деп хабарлайды Ranking.kz.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бастап корпоративтік салымдар 2%-ға қысқарды. 2019 жылдың 1 қаңтарына заңды тұлғалардың салымдары 8,27 трлн теңгені, ал 2018 жылдың 1 сәуірінде 8,36 трлн теңгені құрады.
Банк секторы салымдарының жалпы көлеміндегі корпоративтік клиенттер депозиттерінің үлесі сәуір айында небәрі 48,7% болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 50,8%-ды, ал 2010 жылдың ұқсас кезеңінде 72,9%-ды құрады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша заңды тұлғалардың салымдарының басым бөлігі Қазақстан Халық банкінде - 3,14 трлн теңге, Сбербанкте - 695,1 млрд теңге және Forte banka - 539,2 млрд теңге тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024