
Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 47-орында тұр. Аталған рейтингті Халықаралық менеджментті дамыту институты жасады.
Бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекет ретінде Гонконг танылды. Одан кейінгі орында Швейцария тұр. Үш жыл көш бастаған АҚШ осы жылы үшінші орынға жайғасқан. Ал ең соңғы, яғни 61 орында – Венесуэла. Көршілес Ресей мемлекеті 44-орында.
Айта кетейік аталған рейтинг бойынша Қазақстан өткен жылы 34 орынды иеленіп, Ресей, Түркия және Италия, Испания сынды елдерден алда болған.
Есепке ұлттық табыс деңгейі мен саяси-экономикалық жүйелері әр түрлі 61 мемлекет ілінген. Зерттеу кезінде 5400 кәсіпкерден сауалнама алынып, 340 критерий бойынша жасалды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025