
Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Энергетика министрлігінде бензин экспорты жөніндегі жоспарлар туралы айтылды.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстан әлі де Беларусь пен Қырғызстанға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.
«Олармен келіспейтін мәселелер бар. Біз қатаң талаптар қойдық, өйткені бұл елдермен сауда екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Біз, өз кезегімізде біздің серіктестеріміз мұнайға да, мұнай өнімдеріне де кері экспорт жасамауын қалаймыз,өйткені бұл үшінші елдерге кедендік баж салығын білдіреді, ал Одақ ішінде біз бажсыз әкеле аламыз. Сондықтан да келіссөздер әлі алда, ал біздің бензиннің экспорты ЕАЭО-ға кірмейтін басқа елдерге толығымен басталады », - деді ол.
Атап айтқанда, министрдің айтуынша, Орталық Азия елдеріне жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытынан Еуропаға да жеткізілмек.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025