
Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстан бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы елдер рейтингінде 65-ші орынға ие болды.
Рейтингте Қазақстан Перу (64) мен Сейшель аралдарының (66) ортасында орналасқан.
Республиканың солтүстік көршісі – Ресей 55-ші, Түркия 57-ші, Қытай 49-шы орынды иеленді.
Орталық Азия елдерінен: Өзбекстан - 105, Қырғызстан - 108, Тәжікстан - 124.
Ұлыбритания рейтингтің көшбасшысы болды. Екінші орында Швеция, үшінші орында - Гонконг.
Рейтингті құру кезінде меншік құқығын қорғау, инновация, салық жүйесі, технологиялар, сыбайлас жемқорлық, Инфрақұрылым, нарық мөлшері, Саяси тәуекелдер, өмір сапасы және бюрократия деңгейі сияқты көрсеткіштер ескерілді.