Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингі бойынша Ресей мен Түркияның алдында тұр

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингі бойынша Ресей мен Түркияның алдында тұр

Қазақстан "Экономикалық еркіндік" индексінде 68 орынға ие болып, "орташа еркін мемлекет" тобындағы орнын сақтап қалды. Осылайша, мемлекет Ресей, Түркия, Франция және Италия сияқты елдердің алдына шықты. Рейтинг 1995 жылдан бері америкалық "Мирас қоры" зерттеу орталығы мен The Wall Street Journal газетінің қолдауымен құрылып келеді.

Ұсынылған есеп бойынша әлем елдері "еркін", "айырықша еркін", "орташа еркін", "аса еркін емес" және "экономикасы баяу мемлекеттер" атты бес топқа бөлінген. Сарапшылар индекс бойынша бизнес, сауда, инвестиция, еңбек еркіндігі, жеке меншік құқығына кепілдік беру, монетарлы және фискалды еркіндік, бюрократиялық аппарат көлемі және жемқорлықтан қорғау сапасы сияқты көрсеткіштерді есепке алған. Ал ҚР-ның индексі өткен жылмен салыстырғанда 0,3-тен 63,3 көрсеткішке дейін өскен.

Қазақстанмен қоса "орташа еркін мемлекеттер" тобына Польша (39), Армения (54), Венгрия (58), Таиланд (67), Филиппин (70), Франция (75), Түркия (79), Италия (86) кірді.

Ал Ресей рейтинг бойынша "аса еркін емес мемлекеттер" тобына дейін құлдырап, 153 орынға тұрақтады.

Беларусь 153 орыннан 157 орынға "экономикасы баяу мемлекеттер" тобына енді. Сондай-ақ, Украина, Өзбекстан, Түрікменстан осы топқа кірді.

Рейтинг бойынша көш бастап тұрған мемлекеттер: Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария және Аустралия.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы