Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасы ашықтығынан айырылып барады

Қазақстан экономикасы ашықтығынан айырылып барады

Қазақстан экономикасының ашықтық деңгейі 2008 жылдан бері 2 есе төмендеген деп жазады  Finprom.

2015 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың ашықтық көрсеткіші 43%-ды құрайды. 2003-2008 жылдармен салыстырғанда отандық экономика жаһандық экономикамен 74-83% диапазонында интеграцияланған. Дегенмен 2008 жылдан бастап экспортта (39% немесе $28 млрд) және импортта (25% немесе $9,5 млрд) байқалған құлдырау Қазақстан экономикасының жабықтығындағы бірінші белгі болды.  2009-2012 жылдарда сыртқы саудада аздаған көтерілу байқалды, бірақ тренд толығымен оң бағытқа өзгерген жоқ.

"2012-2014 жылдарда экономиканың ашықтық деңгейінде аздаған төмендеу байқалды, жағдай 2015 жылы тіпті нашарлап, Қазақстанның сауда айналымы жалпы экономикалық белсенділікте 43,3%-ды құрады. Елдің Еуразиялық кеңістік және Кедендік Одақ аясындағы барлық интеграциялық жүйесіне қарамастан бұл тенденция оң бағытқа өзгерген жоқ", -деп атап өтеді сарапшылар.

Қазақстан экономикасының интегралдануының төмендеуімен қатар елдің сауда балансының азаюы да байқалып келеді. Бұл Қазақстан экспортының төмендеуінің нәтижесінде орын алды, ал импорт әзірге тұрақтылығын жоғалтқан жоқ.

"Сондай-ақ Қазақстан импорты экспортқа қарағанда сыртқы шоктарға біршама тұрақты және Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы үлесі де артып келеді. Өткен жылы елдің орташа айлық экспорты 54%-ды, ал орташа айлық импорт 62%-ды құраған", -деп жазады басылым.

Похожие материалы