Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасының даму қарқыны 4,4%-ға жеделдеді

Қазақстан экономикасының даму қарқыны 4,4%-ға жеделдеді

Осы жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға дейін жеделдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтуынша, Нақты сектордағы өсім – 5,9% құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,8%-ке дейін ұлғайған.

Салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 1,5%. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда тауар айналымы 52,5%-ке өсіп, 18,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі сақталуда. Өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті.

«Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Солтүстік-Қазақстан және Атырау облыстарында байқалуда», - деді Қуантыров.

Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 11,3%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың 14,8%-ке, вагон мен локомотив өндірісінің 13,3%-ке, құрылыс материалдары 12,4%-ке, фармацевтикалық өнімдері 18,2%-ке, киім өндірісінің 13,0%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

«Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға ұлғайды. Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде 17,1%, газ өндіруде 8,2%, шикі мұнай өндіруде 7,6%, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 6,3%, металл кендері мен көмір өндіруде 1,9% құрады», - деді ведомство басшысы.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсу динамикасы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,7 пайыздық тармаққа жақсарып, жыл басынан бері алғаш рет оң серпінге шықты. Жалпы 2,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,4%-ке жоғары.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,8%-ке ұлғайды.

«Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында белгіленіп отыр», - деді министр.

Похожие материалы