Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Өткен жылы бюджеттің кірістері 8,8 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде салықтар – 5,7 трлн теңге. 2017 жылмен салыстырғанда салықтардың жалпы кірістер көлеміндегі үлесі 15% өсіп, 65% жетті. Жалпы ішкі өнімдегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі 8% құрады.
Мұндай мәліметтерді Қаржы министрі Әлихан Смайылов Парламент палаталарының 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін талқылау бойынша бірлескен отырысында айтты.
Оның айтуынша, кірістердің өсуіне индустрияландыруға, агроөнеркәсіпті, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қорытындылары ықпал етті.
Сонымен қатар, кірістердің өсуіне салық-кеден саласындағы әкімшілендірудің жақсаруы себеп болған, осы жұмыстың нәтижесінде 490 млрд теңге мөлшерінде қосымша салықтар түскен.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024