Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28,6 млрд долларды құрады, 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 0,1%-ға азайды.
Төрт айдың ішінде еліміз тауарлар мен шикізатты 18,5 млрд долларға экспорттады, бұл 1,2%-ға аз, ал импорт 2% -ға 10,1 млрд долларға дейін өсті.
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,1 млрд долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,1% артық. Статистика комитетінің хабарлауынша, осы елдерге экспорт – 1,8 млрд долларға (3,8% -ға), ал импорт – 4,2 млрд долларға (1,9% -ға көп) жетті.
Төрт айдың ішінде Қазақстан Ресейге 1,6 млрд долларға (2,2% қысқарды) тауар жіберді, ал Ресейден 4 млрд долларға (2% өсті) тауар жеткізілді.
Аталған кезеңде Беларуське экспорт – 27,6 млн долларды (2018 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 6,5%-ға төмендеді), ал импорт – 170,3 млн долларды (3,9%-ға аз) құрады.
Қырғызстан Қазақстаннан 169,9 млн долларға өнім сатып алды (16,1%-ға қысқарды), ал осы ел Қазақстанға 80,5 млн долларға (10,8%-ға өсті) өнім сатты. Ал, Арменияға экспорт – 2 млн-ға дейін қысқарды (33,3%-ға қысқарды), осы елден импорт – 1,8 млн-ға дейін (20,3%-ға қысқарту) қысқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024