Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық экспорт 34,4%-ға азайды

Қазақстандық экспорт 34,4%-ға азайды

2016 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 8,8 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 34,4%-ға аз деп хабарлайды статистика комитеті. 

Экспорт 34,6%-ға азайып, 5,6 млрд долларды құраса, импорт 34,1%-ға азайған.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда қарым-қатынасы 1,6 млрд долларды құрады. Нақты айтқанда, экспорт 24%-ға (508,6 млн доллар), ал импорт 37,9%-ға (1,1 млрд доллар) азайған.

Қаңтар-ақпан айында Ресейге баратын экспорт 15,4%-ға (471,5 млн доллар), ал импорт 36,9%-ға (1 млрд доллар) төмендеді.

Аталған периодта Беларусь еліне жеткізілетін тауар көлемі 2,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 60,3%-ға төмен. Ал ол елден келетін импорт 51,8%-ға кеміп, 37,2 млн долларды құрады.

Қаңтар-ақпан айында Қырғызстанға баратын экспорт та азайып (67,2%), 34,6 млн долларды құрады. Ал импорт 61,5%-ға қысқарып, 9,2 млн долларға жетті.

Похожие материалы