Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Қазақстан ет пен сүт өндірісінің өсуі бойынша Еуразиялық экономикалық одақта көшбасшы болып қалды.
Ет
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 1,3 млн тоннадан астам мал мен құс етін өндірді. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 4,8%-ға өсті.
Одақтың статистикалық мәліметтері бойынша, бұл өсім ЕАЭО елдері арасында ең жоғары болды. Қырғызстан аталған өнімдерді шығаруды 2%-ға - 289,5 мың тоннаға дейін, Ресей - 1,7%-ға - 10,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты.
Бұл ретте Армения мен Беларусь, керісінше, ет көлемін тиісінше 2,1%-ға - 69 мың тоннаға дейін және 1,7%-ға -1,3 млн тоннаға дейін төмендетті.
Сүт
Сүт өндірісіне келетін болсақ, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы болып қала береді. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елде 4,7 млн тонна сүт өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% -ға көп.
Өз кезегінде Қырғызстанда сүт өндірісі 2,4%-ға - 1,3 млн тоннаға дейін, Ресейде - 1,7%-ға 24,2 млн тоннаға дейін өсті.
Алайда, Армения мен Беларусьте көрсеткіш тиісінше 4,3%-ға 574,9 мың тоннаға дейін және 0,1%-ға 5,6 млн тоннаға дейін төмендеді.
Жұмыртқа
Қазақстанның жұмыртқа өндірісінде біршама өзге жағдай қалыптасты. Есепті кезеңде ел аталған өнімді шығаруды 0,1%-ға - 4,2 млрд данаға дейін қысқартты. Төмендеу Ресейге (-0,5% - 34 млрд данаға дейін) және Арменияға (-1,8% - 600,5 млн данаға дейін) да қатысты болды.
Оң динамика Беларусьте (+5,2% - 2,7 млрд данаға дейін) және Қырғызстанда (+5,4% - 444,4 млн данаға дейін) тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ЕАЭО елдері арасында 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында ет пен сүт өндірісінің өсуі бойынша көшбасшылық позицияға ие болды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024