
Сенбі-жексенбі күндерін қосқанда мамыр айында қазақстандықтар үшін 12 күн демалыс. Себебі мамырда 3 мемлекеттік мереке бар. 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлайды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 9 мамыр – Жеңіс күні, деп хабарлайды 7kun.kz.

1 мамыр жексенбі күнге түскендіктен демалыс дүйсенбіге ауысады. Сол себепті 5 күндік жұмыс тәртібіндегі халық 3 күн қатарынан демалыс. Ал 7 мамыр да сенбі күнгі түскендіктен ол күнгі демалыс та дүйсенбіге шегеріліп, 5 күндік жұмыстағы тұрғындар 7, 8, 9, 10 мамыр қатарынан 4 күн демалады.