Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының реквизиттері белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл қорға мына реквизиттер бойынша ақша аударуға болады:
«Қазақстан халқына» ҚҚ
БСН 220140006999
ИИК KZ52722S000011856768,
«Kaspi Bank» АҚ
БИК CASPKZKA,
КБ 18
Қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Қордың арқасында төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетеді, әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландырады.
Бұған дейін Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 10 миллиард теңге аударатыны туралы хабарланды.