Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамға жетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 12 млн 208,2 мың адам қалада тұрса, ауыл тұрғындарының саны 7 млн 556,7 мың адамды құрап отыр.
«Былтыр республикада 403,5 мың сәби өмірге келді. Оның ішінде 208 мыңы – ұл бала, 195,5 мыңы – қыз бала. Ал, 134,7 мың адам қайтыс болды. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады», – делінген хабарламада.
Бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024