Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы Келісімді ратификациялау жөніндегі» Заң жобасын мақұлдады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, банктен алынған 1 млрд доллар бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады.
«Келіссөздер кезінде 2 млрд доллар алу қарастырылған болатын. Ал қазір 1 млрд доллар алуды жоспарлаудамыз. Осыған қатысты есеп береміз. Егер 2 млрд доллар қажет болса алуға болады. Дегенмен қазір мұндай қаражат қажеттілігін көріп тұрған жоқпыз" - деді Бақыт Сұлтанов.
Айта кетейік, 2016 жылдың 17 ақпанында ҚР мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 1 млн АҚШ доллары сомасындағы қарыз туралы келісім е аяқталған болатын. Тартылған қаржы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында басымдыққа ие салаларды қаржыландыруға және Үкіметтің экономикалық өсімі мен экономикалық белсенділігін арттыруға жұмсалмақ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024