Алматы. 30 шілде. 7kun.kz – Мұнай-газ саласының тапсырыстары есебінен отандық машина жасау өндірісі көлемін арттырып, шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейте алады.
2018 жылы Қазақстанға 12,7 млрд долларға машина жасау өнімі әкелінді, бұл республика импортының жалпы көлемінің 39%-ын 32,5 млрд долларды құрады.
«Еліміздің мұнай-газ саласы отандық кәсіпорындарды импортталатын өнімдердің жеткілікті кең спектріне сұранысты қанағаттандыру арқылы машина жасаудың өсуіне айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Атырауда өткен мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту мәселесі жөніндегі кеңес барысында.
Экономиканың неғұрлым импортқа тәуелді секторларының қатарына мыналар кіреді: электр жабдықтары саласы – 2018 жылы 2,7 млрд доллар, автокөлік жасау – 1,8 млрд доллар, мұнай – газ машина жасау – 1,3 млрд доллар, тау-кен металлургиялық машина жасау – 1,04 млрд доллар.
Оның айтуынша, өткен жылы отандық машина жасау өндірісінің көлемі 3,1 миллиард долларды құрады, салалық құрылымдағы мұнай-газ машина жасау саласының үлесі 5%-ды немесе 53 миллиард теңгені құрайды. Сонымен бірге, 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін елімізде 32,6 млрд долларға тауарлар өндірілді, ал 123,7 млрд долларға тауарлар импортталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024