Теміржан Әбдірахманов "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Әбдірахманов бұл лауазымға компанияның директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін "Қазақстан инжиниринг" басқармасының басшысы Мұхтар Керейбаев болып келген еді. Ал, Теміржан Әбдірахманов осыған дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис"АҚ Бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
"Қазақстан Инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ еліміздің қорғаныс секторына қызмет көрсететін Қазақстандағы машина жасау кәсіпорындарын біріктіретін холдингтік құрылым. Компанияның жалғыз акционері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024