Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Қазақстан жаһандық киберқауіпсіздік индексі бойынша 0,778 ұпаймен 40-шы орынды иеленді.
Бұл ретте ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден кейін екінші орында (26 орын). Сарапшылар елдің құқықтық өрісіндегі жетістіктерін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптарды біріздендірді.
Рейтингтегі көршілес орындарды Қазақстан Ирландиямен (38 орын), Израильмен (39 орын), Индонезиямен (41 орын), Португалиямен (42 орын) және Монако (43 орын) бөлісті.
Индекстің көшбасшылары Ұлыбритания (бірінші орын), АҚШ (екінші орын) және Франция (үшінші орын) болды.
Төртінші орында - Латвия, бесінші орында - Эстония.
Сондай-ақ, Өзбекстан бұл шолуда - 52 орын, Украина – 54 орын, Беларусь – 69 орын, Тәжікстан – 107 орын, Қырғызстан – 111 орын алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024