Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Үкіметі қоғамда дау туғызған СБЕР платформасынан бас тартты

Қазақстан Үкіметі қоғамда дау туғызған СБЕР платформасынан бас тартты

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен келісімдерге қол қоймайтын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, аталған министрлік қазақстандық мамандардың көмегіне жүгініп, республиканың цифрлық жүйесін трансформациялау туралы шешімге келді.

"Қазір геосаяси жағдайға және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты "ҰАТ" (Ұлттық ақпараттық технологиялар) АҚ-мен қазақстандық IT – компанияларды тарта отырып, платформаны өз күшімен жасау туралы шешім қабылданды",-деп хабарлады вице-министр.

Ол қазір техникалық-экономикалық талдау жүргізіліп жатқанын, содан кейін цифрлық трансформацияның құны белгілі болатынын айтты. Министрлік өкілі қазақстандық цифрлық платформаны алдағы 2-3 жылда дайындаймыз деді. Осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданысқа енгізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметі ресейлік "Сбер" тобымен Цифрлық үкімет платформасын құру бойынша Меморандумға қол қойған. Көптеген қазақстандық мамандар мен пайдаланушылар ақпараттық қауіпсіздікке күмәндана отырып, оны қатты сынға алды.

фото: tengrinews.kz

Сын толқынынан кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин "Сбердің" платформасы ел үшін ең қолайлы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің де, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына да сай деп түсіндірген.

Алайда артынша министрлік Сберден толықтай бас тартпадық деген сыңайда екіұдай пікір білдірді. Мусин министрлігінің түсіндіруінше, Сбер-мен ешқандай заңдық келісім жасалмаған. Вице-министр мәліметін БАҚ өкілдері дұрыс түсінбеген.

Похожие материалы