Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум 5 маусымда өтеді
Нұр-Сұлтан. 5 мамыр. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Аталған жарлық пен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 6 мамырда БАҚ-та жарияланады. Онда референдумды өткізу күні ретінде 5 маусым белгіленген.
Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткiзу Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктеледi.
Қазақстан үкіметіне Орталық сайлау комиссиясымен, өзге де орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Президент бұл туралы бейнеүндеуінде де айтты.
"27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024