Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — 1-4 тамыз аралығында Алматы қаласында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі - USAID-тің қолдауымен "Ауғанстан: жаңа сауда көкжиектері" атты бизнес-форум мен көрме өтті.
Іс-шара Алматыдағы InterContinental Almaty қонақ үйінде және ҚР Орталық мұражайында болды.
Аталған іс-шара ауған компанияларына тау-кен және мұнай салаларында көптеген инвестициялық мүмкіндіктерді, сондай-ақ мәрмәр, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, тоқыма, үй декорасы, кептірілген жемістер мен жаңа піскен жемістер, жаңғақтар мен дәмдеуіштер көрсетуге және қазақстандық әріптестерімен серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Сатып алушылар мен кәсіпкерлер, оның ішінде қазақстандық кәсіпкерлер Таяу Шығыс, Орталық Азия және Үндістан арасындағы көпір қызметін атқаратын Ауғанстаннан келген сала жетекшілерімен және сауда сарапшыларымен жаңа іскерлік қатынастар орната алды. Іс-шара барысында құрылған жаңа серіктестіктер екі елдің экономикалық өсуіне және бизнес көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етеді.
Төрт күн ішінде форумға қатысушылар жоғары сапалы өніммен танысып, келісімге қол қойды, іскерлік байланыстарды кеңейтіп, Ауғанстаннан келген қатысушылармен инвестициялар мен серіктестік үшін әлеуетті мүмкіндіктерді бағалады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024