Экономика
Қазақстан мен Швеция зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасады
15 қаңтар Париж қаласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қатысушы мемлекеттердің жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша министрлердің кездесуі шеңберінде жүргізілген екі жақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Швецияның Жұмыспен қамту министрінің жауапты хатшысы Ирен Венномо зейнетақымен қамсыздандыруды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қоюға келісті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тамара Дүйсенова сондай-ақ Германияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер федералдық министрлігінің өкілі Сюзан Гофманмен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кадрларды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріндегі екі жақты ынтымақтастықты белсендіру туралы келісімге қол жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, Парижде өтіп жатқан жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша министрлер кездесуіне әлемнің 42 елінің өкілдері қатысуда. Фото:egemen.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024