Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың 27-28 наурызында Римде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Италия Парламентінің, Италия Сыртқы істер және экономикалық даму министрліктерінің басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуде Қазақстан мен Италия осыдан 10 жыл бұрын орнатылған шынайы стратегиялық әріптестік рухындағы сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.
Италия экономикалық даму министрінің орынбасары Андреа Чиоффимен келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Р. Василенко дипломатиялық қатынастар орнатылған сәттен бастап 27 жыл ішінде Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты дамытуда әсерлі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.
Бұдан басқа, кездесуде Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетіне және Жібек жолының жаңа тұжырымдамасын іске асырудағы еліміздің негізгі рөліне ерекше назар аударылды.
Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Ресей Федерациясы, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиямен ынтымақтастық департаментінің директоры Ф. Ди Микелемен әңгімелесу барысында дипломаттар ағымдағы жылы ынтымақтастықты нығайту жоспарларын, оның ішінде келе жатқан экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысын және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды талқылады.
Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Италия Парламенті Депутаттар палатасының вице-президенті Этторе Розатомен және Депутаттар палатасының квесторы (жауапты хатшы), Қазақстан-Италия достық тобының төрағасы Эдмондо Чиреллимен кездесті. Тараптар парламентаралық байланыстарды, соның ішінде ынтымақтастық топтарының белсенді өзара іс-қимылы және заңнамалық қызметтегі тәжірибе алмасуы арқылы дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024