Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инь Қазақстан астанасына жасаған мемлекеттік сапары аясында 3,5 млрд долларға жуық келісімге қол қойылды, - деп мәлімдеді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Біз шамамен $3,5 млрд құрайтын құжаттарға қол қойдық», - деді Қ. Тоқаев дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иньмен болған келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ-қа үшін мәлімдеме барысында.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен келісімдердің негізгі басымдықтары Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасында көрініс тапқан.
«Оңтүстік Корея президентімен елеулі және маңызды шарттарға қол қойып, экономика мен саясатты дамытудың маңызды мәселелерін талқылап, көптеген мәселелер бойынша пікір алмастық. Барлық талқыланған мәселелер бойынша біз өзара келісім танытып, ортақ пікірге келдік», - деді Қ. Тоқаев.
Қазақстан Президентінің мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстанда 500-ден астам бірлескен қазақстандық-кореялық кәсіпорын белсенді жұмыс істеуде.
«Менің ойымша, олардың саны болашақта өсетін болады», - деді ол.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея басшыларының келіссөздерінің қорытындысы бойынша екіжақты келісімдер мен меморандумдарға, оның ішінде сотталған адамдарды беру туралы шартқа және жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қамтитын жаңартылған «Самал жел» ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.