Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайға байланысты дау шешілді

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайға байланысты дау шешілді

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – Бүгін ҚР парламенті сенаты пленарлық отырыста ҚР үкіметі мен РФ үкіметі арасындағы «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» және «Омбы-Павлодар» магистральдік мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Интарфакс-Қазақстан.

КСРО тарағаннан кейін және құбырларды аумақтық қағидаттар бойынша бөлуде Қазақстан аумағындағы «Түймазы-Омбы-Новосібір-2» мұнай құбырларындағы  62 048 тонна көлеміндегі технологиялық мұнай «Транснефть» ЖАҚ-тың еншілес құрылымының балансында қалып кетті және «КазТрансОйл» АҚ меншігіндегі «Омск-Павлодар» мұнай құбырындағы 141 728 тонна көлеміндегі мұнай Ресей аумағында қалып, меншіктік құқық айқындалмаған еді.

Бұл келісімнің  мақсаты - осы қалыптасқан даулы мәселені реттеу. Екі құбырдағы мұнай да сапасы жағынан бірдей, енді «Омск-Павлодар» құбырындағы мұнайдың 62 мың тонна көлемі «Транснефтьке», ал 141728 тоннасы «Қаз-Тран-Ойлға» тиесілі болмақ.

Келісім күшінен енген күннен бастап он ай ішінде тараптар «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі 79 880  тонна мұнайды «Омбы - Павлодар» магистралдық құбыры арқылы Ресей аумағынан Қазақстанға бірнеше партиямен жөнелтуі қажет.

Похожие материалы