Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брёйяктің жетекшілігімен Total өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Келісімге сәйкес, Дунга кен орнының өнімін бөлу туралы келісімшарттың жарамдылық мерзімі 2024 жылдан 2039 жылға дейін 15 жылға ұзартылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Құжаттың маңызды шарты - Ілгерлеген шкала бойынша келісім аясында кірісі мол өнім саласында ҚР-ның үлесін ағымдағы 40%-дан 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 60%-ға дейін арттыру. Келісімде компаниялардың Қазақстанның ішкі нарығына өндірілген мұнайдың бір бөлігін жеткізу және жыл сайын кемінде $1 млн көлемінде әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша міндеттемелері бектіліген.
Өз кезегінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторында Абай теңіз учаскесінде бірлескен қызмет аясында көмірсутектерді барлау және өндіруде жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қ. Есқазиев және ENI Орталық Азия аймағы бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньяти қол қойды.
Жобаларды іске асыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутекті барлау және өндіруге инвестицияларды арттыруды қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, Абай учаскесінде көмірсутекті барлауға және өндіруге келісім жасалған, онда қарастырылған: тереңдігі 2500 м бірінші іздеу-барлау скважинасын бұрғылау, 700 бойлық км көлемінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және жалпы сомасы 14 млрд теңге болатын өзге де жұмыстар.
Жалпы, келісімді іске асыру Қазақстан үшін жобаның экономикалық тиімділігін арттыруға әкеледі, сондай-ақ мұнайсервистік компаниялар үшін қосымша жұмыс көлемі мен қызметтерін құруға, өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024