Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық пойыздар қайта қатынай бастайды. Бұл туралы "Өзбек темір жолдары"АҚ ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ – мен келісім бойынша біздің еліміз бен Қазақстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалы қайта жандануда", - деп жазылған Өзбекстанның темір жол тасымалдаушысының сайтында.
2022 жылдың 15 мамырында №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағытында қатынай бастайды. 2022 жылдың 16 мамырынан бастап Алматы – Ташкент – Алматы бағытындағы №1/2 пойызы рейске шығады.
"Жоғарыда аталған рейстердің "Ташкент - Орталық" теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына 3 рет", - деп толықтырды "Өзбек темір жолдары" АҚ.
Билеттерді электронды форматта да, теміржол кассаларында да сатып алуға болады. ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін электрондық билеттерді сатып алған кезде жолаушылар оларды А4 форматындағы қағазға басып шығаруы қажет болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024