Көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында елімізде әдеттегі мерекелер «тартысы» басталады.Көпшілікті мерекелердің мәнінен бөлек қалай аталып өтілетіні, және ең бастысы бюджеті қызықтырады. 7kun.kz Наурызды қарсы алуға Қазақстанның әр өңірінде қалай дайындалғаны мен қанша қаражат жұмсағанын анықтап көрді.
Жаңа жылды қарсы алуға көп қаржы жұмсағандардың бірі — Солтүстік Қазақстан облысы. Облыс бойынша Наурыз мейрамын атап өтуге шамамен 55 млн теңге жұмсалады. Наурыз мейрамына байланысты шаралар наурыз айы бойы өткізіледі. Ал облысы Жаңа жылға деп облыстық бюджеттен 23 млн теңге бөлген еді. Оның 21 млн теңгесі Петропавл қаласына жұмсалды. 2 млн теңге өзге аудандарға жіберілген еді. Жаңа жылға бөлінген қаражатпен салыстырғанды Наурыз мерекесіне 32 млн теңге артық жұмсалып отыр екен. Маңғыстау облысы бойынша Наурыз мерекесіне биыл барлығы 22 млн 139 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, Ақтау қаласы бойынша 6 млн 955 мың теңге қаражат бөлінген. Ал Маңғыстау облысы бойынша Жаңа жыл мерекесіне биыл барлығы 45 млн 726 мың теңге бөлінген болатын. Оның ішінде безендіруге 31 млн 23 мың теңге, ал көпшілік мәдени іс-шараларға 14 млн 703 мың теңге жұмсалды. Ақтау қаласы бойынша барлығы 28 млн 465 мың теңге берілген. Оның ішінде безендіруге 18 млн 465 мың теңге, ал көпшілік мәдени іс-шараларға 10 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Жаңа жыл мен Наурыз мерекесін салыстырғанда облыс Наурыз мерекесіне 23 587 мың теңге аз жұмсап отыр. Жамбыл облысында жалпы, Тараз қаласы мен аудандарда «Наурыз» мейрамын өткізуге 12 845 000 теңге қаражат қарастырылған. Ал облыс бойынша Жаңа жыл мерекесін атап өтуге бюджет бөлінбеген еді. Тек облыс орталығы Тараз қаласын безендіруге 1 млн теңге жұмсалған болатын. Салыстырмалы түрде Наурыз мерекесіне облыс 11 845 000 теңге көп жұмсады. Қарағанды облысында наурызға 8 млн 220 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ал жаңа жыл мерекесін атап өтуге «бюджет қаражатын қатаң үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында» қаржы бөлмеген. Атырау облысында мерекелік шараларды өткізу үшін облыстық мәдениет басқармасы 5 млн теңге бөліп, мерекелік шара кезінде декорация жасау, техникалық қамтамасыз ету, арнайы костюмдер тігу, сахнаны безендіру секілді мақсатты жұмыстарға жұмсайды. Ал жаңа жыл мерекесін тойлау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінбеген еді. Батыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесін өткізуге және Орал қаласын безендіруге (мәдениет саласына) облыстық бюджеттен 4 млн 620 мың теңге бөлінді. Ал Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында Жаңа жылды мерекелеу үшін 2 млн теңге бөлінген еді. Екі мерекені салыстырғанда облыс Наурыз мерекесіне 2 620 000 теңге артық шығындалды. Қостанай облысында мерекені атап өтуге биыл Қостанай қаласының бюджетінен 2 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы облыс орталығы Қостанай қаласын безендіруге, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге жұмсалып отыр. Жалпы облыс баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жыл сайын мемлекеттік мерекелер үшін 40 млн теңге бөлінеді. Оның ішінде 15 млн теңге Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға қаланы безендіруге жұмсалған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында аудан, қала орталықтары мен облыс орталығын мерекеге орай безендіру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді. Ал облыста Жаңа жыл үшін бюджеттен қаржы қарастырылмаған болатын. Ал Шымкент қаласына бөлінген 80 млн теңге жетім және аз қамтылған балалар үшін жұмсалады және қала іші жеке кәсіпкерлер арқылы безендірілген еді. Ал тізімде жоқ облыстардың баспасөз қызметшілері тарапынан нақты бюджеттен қанша қаржы бөлінгені туралы ақпарат берілген жоқ. Мәліметтердің барлығы облыс, қала әкімдерінің баспасөз қызметінен алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024