Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан ОПЕК + мониторинг комитетіне кіреді. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Ведомство басшысы бұған дейін елді осы комитетке шақырғанын еске салды.
«Елімізді осындай қомақты компанияға шақырғаны Қазақстанның халықаралық мұнай-газ бизнесіндегі беделінің артқанын білдіреді», - деді Бозымбаев.
Министрдің айтуынша, комитет мұнай өндіруді қысқарту бойынша елдердің өз міндеттемелерін орындауына бақылау жасайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан ОПЕК+мониторинг комитетіне шақырылды. Сондай-ақ, құрамына Иран мен Ирак өкілдері де кіруі мүмкін. Қазіргі уақытта комитет алты елден тұрады: Ресей, Сауд Арабиясы, Кувейт, Венесуэла, Оман және Алжир.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024