Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Қызылорда облысында тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту кешенінің іске қосылуы кейінге қалдырылды. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Ведомствода хабарлағандай, қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен жобаны іске асыру туралы келіссөздер жүргізілуде.
«Кешенді инвесторлар есебінен 2,9 млрд теңгеге салу жоспарлануда. Инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізу бойынша жобалық жұмыстар аяқталу сатысында», – деп қосты басқармада.
Олардың ақпаратына сәйкес, кәсіпорын толық қуатқа шыққан кезде өнімнің 20% - ын Қазақстан өңірлеріне жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, қалған 80%-ды ТМД мен Орталық Азияға экспорттамақ.
Естеріңізге сала кетейік, кешенді 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 100 мың тонна тұз, екінші кезеңде жылына 300 мың тонна өнімді құрайды.