
Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың I жартыжылдығында 532,9 млн долларға 3 млн тонна бидай экспортталған.
Жеткізудің заттай көрінісі 2,6%-ға қысқарғанымен, астық сатудан түскен пайда 16,2%-ға өскен.
Экспорттың тең жартысы Өзбекстан (1,1 млн тонна) мен Тәжікстанға (520,9 мың тонна) тиесілі. Әзербайжан – 224,7 мың тонна, Қытай – 197,3 мың тонна, Түркіменстан 171,8 мың тонна астық сатып алған. Ауғанстан – 133,5 мың, Түркия – 110,5 мың тонна, Италия 106,4 мың тонна қазақстандық астықты сатып алған.
Сонымен қатар елімізден астық импорттайтындар қатарында Ресей мен Қырғызстан және Грузия бар.