Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — 2020 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша елде 29 жасқа дейінгі 145,7 мың жас жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп, деп хабарлады energyprom.kz.
Жалпы санның ішінде 130,8 мың кәсіпкер қазіргі таңда жұмыс істейді - барлық тіркелгендердің 90%-ы. Жұмыс істеп тұрған ЖК санының жылдық өсімі 19,8%-ды құрады.
29 жасқа дейінгі жастар 100% иеленетін кәсіпорындар саны 35,1 мыңға жетті, өсім 3,5%-ға тең (бір жыл бұрын сегментте 33,9 мың кәсіпорын тіркелген).
Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны бір жыл ішінде 6,5%-ға ұлғайып, 28,5 мыңды құрады.
Бқл ретте, жас бизнесмендерге тиесілі кәсіпорындардың ең көп саны көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында тіркелген: 11,5 мың кәсіпорын (барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 40,4%-ы). Тағы 4,3 мың кәсіпорын құрылыста (кәсіпорындардың 14,9%-ы) жұмыс істейді және 1,6 мың кәсіпорын кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,5%) айналысады.
Жас меншік иелері кәсіпорындарының ең аз саны мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру және электрмен/сумен жабдықтау саласында байқалды.
Жас жеке кәсіпкерлердің кәсіпорындарының көпшілігі мегаполистерде орналасқан: Алматы (7,4 мың кәсіпорын), Нұр-Сұлтан (6,3 мың) және Шымкент (2 мың кәсіпорын).
Сегменттегі ең аз компаниялар Солтүстік Қазақстан (347), Батыс Қазақстан (553) және Ақмола (620 кәсіпорын) облыстарында тіркелді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024