Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — Қазақстан халық үшін бензиннің қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде 18-ші орынға жайғасты. Зерттеуді Еурокомиссияның, статистикалық комитеттердің және елдердің реттеуші органдарының, ЭЫДҰ және Ресейдің Орталық Банкі мәліметтеріне сүйене отырып, "РИА Новости" жүргізді.
Зерттеуге сәйкес Қазақстанда орташа жалақыға сатып алуға болатын бензин көлемі 843,5 литрге тең. Бұл ретте тізімнің көшбасшысы Люксембургте ол 2855,6 литр болды. Сондай-ақ, Қазақстанда А-95 бензин және дизель отынының бағасы жыл басынан тиісінше 3,9% және 0,7%-ға төмендеді.
Рейтингте бірінші бестікке Люксембург, Норвегия, Австрия, Ирландия және Ұлыбритания кіреді. Ресей 16-шы орынға ие болды. Соңғы орындар Украина, Болгария мен Румынияға бұйырды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024