Осыған дейін 2016 жылдың 14 маусымында "Қазақстан" қонақ үйіндегі балконның қирап түскені хабарланған еді. Оқыс оқиға кезінде қонақүй жанында жүргіншілер болмаған, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнына қоршауға алынды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін белгілі болғандай қонақ үй 27 млрд теңгеден астам қаржыға сақтандырылған. Мұны "Евразия" сақтандыру компаниясы мақұлдады. "Евразия" сақтандыру компаниясы "Қазақстан" қонақ үйімен мүлікті сақтандыру туралы келісімнің бар екендігін растайды. Ғимарат материалды зиян шегу қауіптерінен сақтандырылған. Қазіргі уақытта ақпарат пен құжат жинау жүріп жатыр. Егер ол жағдай келісім-шартта қаралған қауіптердің бірінің нәтижесінде болса, "Еуразия" ең қысқа мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуге дайын. Ғимараттың өзі 27 млрд теңгеден астам қаржыға сақтандырылған. Сақтандыру төлемінің көлемі шығынның ауырлығына байланысты", -деп хабарлады сақтандыру компаниясынан. Компанияның хабарлауынша қажетті көлемдегі қаражатты дайындап қойған, бірақ қонақ үй тарапынан сақтандыру шығын туралы ресми өтініш әлі келіп түспеген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024