Қазақстан құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа стандарттар енгізеді
Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жаңа стандарттар енгізеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму жөніндегі бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Астана экономикалық форумы аясында өткен «Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі» тақырыбындағы панельдік сессия айтты.
АПанельдік сессия барысында халық үшін қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып қалалық жоспарлау шешімдері және құрылыс индустриясын цифрландыру сияқты мәселелер талқыланды.
Қ. Өскенбаевтың айтуынша, соңғы 20 жылда халық саны 3 миллионнан астам адамға өсті. Урбанизация үдерістерінің елде орта есеппен 57% ға артуы байқалады.
«Біз Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында шағын және моноқалалар, ауылдық және шекара маңындағы аймақтарды дамыту бойынша 4 агломерацияны дамытуды қарастырдық. Бұл үшін біз елді мекендер мен ауылдық елді мекендерді, соның ішінде инфрақұрылымды, әлеуметтік қызметтерді, жасыл инфрақұрылымды және мүгедектер үшін «кедергісіз» ортаны қамтитын елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін енгізіп жатырмыз », - деді Қ.Өскенбаев.
Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы тұрғын үйдің сапасына қойылатын талаптар арта түскендіктен, оларды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау қажет.
«Бұған құрылыс индустриясында ескірген СНиП-тердің орнына еурокодтар жүйесіне өтуді қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ құрылыс нысандарына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу, құрылыстың сапасын бақылауды автоматтандыру, «Е-Шаңырак» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру барысы көзделуде», - деді бірінші вице-министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024