Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – 2021 жылы мал шаруашылығы саласында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мәселен, сүтті мал шаруашылығында 2021 жылы импортты алмастыру тапсырмасына сәйкес қуаттылығы 57 мың тонна сүтті құрайтын 35 тауарлы-сүт фермасы (МФҚ) енгізілді. 2021 жылы пайдалануға берілген 35 МТФ-ның 10 жобасы Солтүстік Қазақстанда құрылды. Биыл 2,8 мың жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам 62 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», – деді министр.
Ол соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті артқанын айтты. Мемлекеттік қолдау шараларын күшейту есебінен малдың барлық түрлері бойынша асыл тұқымды малдың үлесі артты. Мәселен, асыл тұқымды малдың үлесі жалпы ірі қара мал басының 7%-дан 13%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстармен айналысатын шаруа қожалықтарының саны 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды.
«Еліміз сиыр еті, қой еті, жылқы еті мен жұмыртқа бойынша өзін - өзі қамтамасыз ете бастады. Ал құс еті бойынша соңғы 3 жылда импортқа тәуелділікті 51%-дан 35%-ға дейін төмендеді», – деді Ербол Қарашөкеев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024