Жыл басынан бері Қазақстанда Қырғызстаннан келген картоптың бұзылғандығы жөнінде 79 жағдай тіркелді. Осыған байланысты ауыл шаруашылық министрлігі қырғызстандық картоптың елге кіргізілуіне уақытша тыйым салды.
"Соңғы уақытта Қырғыз Республикасынан келген картоптан алтын түсті Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens жұмыр құрттың табылу жағдайлары жиілеп кетті. Осы жылдың қаңтарынан бері 79 жағдай анықталып, 1000 тонна зақымдалған өнім Қырғызстан Республикасына қайтарылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Дегенмен елде Қырғызстаннан келген зақымдалған өнімдердің партиясы әлі де анықталуда. Оңтүстік өңірде картоптың тұқымдық материал ретінде пайдаланылатындығын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтағы келісім-шартқа байланысты 2016 жылдың 4 мамырдан бастап Қырғыз Республикасынан картоп әкелуге уақытша тыйым салды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024