Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Хлорлы органикалық қосылыстардың артуының анықталуына байланысты Қазақстан мұнайының Қытайға экспорты тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 16 қаңтарында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" мұнайын "ҚазТрансОйл" магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қабылдаған кезде шикізат сапасына жүргізілген тест нәтижелері бойынша 204 Цельсий градусқа дейін қайнаған фракцияда органохлор қосылыстарының артық мөлшері табылған.
«Сол күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-дан мұнай қабылдау жеткізілген мұнайдың сапасына қатысты мәселелер шешілгенге дейін тоқтатылды», - деді министрлік.
Қазақстанның МӨЗ-ін тиеуді қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі "ҚазТрансОйлмен" бірлесіп мұнай ағындарын қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сондықтан, Қазақстан мұнайының Қытайға экспорты тоқтатылды. Жеткізілімнің төмендеуі -30,9 мың тоннаны құрады, жоспарланған - 34,6 мың тонна.
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ресурстарынан тапсырылатын мұнай сапасы мәселелері реттелгеннен кейін Қытайға мұнай экспортын қалпына келтіру көзделіп отыр", - деп хабарлады Энергетика министрлігінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024