Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жаппақ. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
«Қазақстан үкіметі қаулы етеді: сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», – делінген құжатта.
Құжатта Сауда өкілдігі Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша жабылатыны айтылған.
Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі – Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық мүдделерін білдіретін мемлекеттік орган. Оның негізгі бағыты: Қазақстанның экспорттаушылары мен дистрибьюторларына Ресей нарығына шығуға және тұрақтау үшін қайтарымсыз көмек көрсету; Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту; Қазақстанның тауарлары мен қызметтерін Ресей нарығына шығару, өңірлер деңгейінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту.
Қаулыны қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024