Нұр-Сұлтан. 26 сәуір. 7 kun.kz – Қазақстанның солтүстігі мен Шығыс Қазақстанды газдандыру үшін Үкімет Ресей газын сатып алуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысына қатысқан энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айтуынша, екі өңірді газбен қамтамасыз ету үшін Үкімет Ресеймен келісім жасасуы әбден мүмкін. Себебі ең тиімді жол сол екен.
«Солтүстік өңірлер мен Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мәселесіне келсек, екі нақты нұсқамыз бар. Соның біріншісі және ең тиімдісі әрі жылдамы – Ресей арқылы газдандыру», - деп жауап берді министр.
Ал аталған аймақтарға Ресей газын тарту үшін Ресейдің өзі де мүдделі. Тіпті, Ресей қазірдің өзінде құжаттарын дайындау, шығысы мен кірісін есептеуді бастап кеткен. Мамырдың соңына дейін алғашқы есептерді жасап, баға ұсынуы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024