Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан сауда-экономикалық миссиямен Түменде

Қазақстан сауда-экономикалық миссиямен Түменде

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Ресейдің Түмен қаласында Қазақстанның ресми сауда-экономикалық уәкілдігі сапармен жүр, деп хабарлайды Ресей елшілігінің ресми сайты.

Ресми сапарды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Түмен облысының сауда-өнеркәсіптік палатасы бірігіп ұйымдастырды.

Оның алдында қазақстандық делеция өкілдерінің Түмен облысы губернаторының орынбасары Вадим Шумковпен Түмен технологиялық паркінде кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты сауда айналымын өсіру, өнеркәсіптік кооперациялар, өзара сауданы кеңейту, ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынасын орнату мәселелері қаралды.

Қазақстанның барлық өңірінен жиналған тауар өнімдері көрсетілген соң В.Шумков Түменде қазақстандық көтерме-бөлшек сауда орталығын ашу туралы ұсыныс білдірді. Сол сияқты губернатор орынбасары Астанада соған ұқсас көтерме-бөлшек сауда орталығын ашуды ниет білдірді. Губернатор орынбасары өз кезегінде қазақстандық азық-түлік өнімдеріне жоғары баға берді.

Похожие материалы