Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың І жартыжылдығында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының таза шығыны 2,9 млрд теңгені құрады.
Компания 2019 жылғы қаңтар-маусымда салық салғанға дейін 16,8 млрд теңге пайда тапты, ал 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 4,1 млрд теңге шығын тіркелді.
Сонымен қатар, ҚТЖ-ның жалпы табысы есептік кезеңдерде 8%-ға 107,2 млрд теңгеден 115,9 млрд теңгеге дейін артты.
2019 жылдың І жартыжылдығында компанияның кірісі 4,5%-ға артып, 516,7 млрд теңгені құрады.
ҚТЖ активтері жыл басынан бері аздап төмендеп, 3,2 трлн теңгені құрады. Капитал 1,5%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Сондай-ақ, жарты жыл ішінде ҚТЖ міндеттемелері 1,4%-ға төмендеп, 2 трлн теңгені құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024