Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – «Қазақстан темір жолы» ҰК директорлар кеңесінің төрағасы ауысты. Бұл туралы компания Қазақстандық қор биржасына хабарлады. Жалғыз акционердің шешімімен Асқар Мамин төрағалықтан кетіп, Кристиан Кун Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болды.
Сондай-ақ Андрей Кравченко «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде директорлар кеңесіне мүше болды.
Естеріңізге сала кетейік, Сауат Мыңбаев 20 қарашада «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Асқар Мамин тамыз айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен де кеткен болатын.
Кристиан Кун RheinCargo GmbH & Co KG басқарушы директоры. 2005-2009 жылдары, сондай-ақ 2010-2011 жылдары өндірісті басқару кеңесінің мүшесі, Deutsche Bahn AG басқарушы директоры болған. Сонымен қатар, 2014 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан темір жолы» Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры және мүшесі болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024