Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Henley&Partners жасаған Әлем төлқұжаттарының (паспорт) индексінде 84-ші орынды иеленді.
Бір жыл ішінде қазақстандық төлқұжат өз көрсеткішін екі позицияға жақсартты, 35,7% жинады.
Атап өтілгендей, бұл елдің соңғы сегіз жылдағы ең жақсы нәтижесі. Ең нашар көрсеткіш 2011 жылы тіркелді – 29,9%.
Бұл ретте Франция азаматтығы бірнеше жыл қатарынан бірінші орынды сақтап келеді. Ел мүмкін болған 100% -дың 83,5%-ын жинады. Рейтингті құрастырушылар осы елдің азаматтарының шетелде өмір сүру және жұмыс істеу мүмкіндігінің жоғары деңгейін атап өтті.
Одан кейінгі орындарда - Германия мен Нидерланды. Сондай-ақ, көшбасшылардың бестігіне Дания, Норвегия, Швеция және Исландия кірді.
Өз кезегінде Ресей бұл рейтингте 42%-ды жинап, 62-ші орынды, Беларусь – 34,8%-бен 86-шы орынды, Қырғызстан – 30,6% жинап, 102-ші орынды, ал Армения - 31,7%-бен 98-ші орынды иеленді.
Ал төмен көрсеткіштер Ауғанстанда (15,4%) және Сомалиде (13,8%) тіркелді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024