Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан 2018 жылы 41% үлеспен уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға ие болды.
Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметі бойынша, өткен жылы елімізде 21,7 мың тонна шикізат өндірілген.
Екінші орында Канада (13%), ал үшінші орында Австралия (12%).
Ең ірі уран өндіруші компаниялар Қазатомөнеркәсіп (22%), Orano (11%), Cameco (9%), Uranium One (8%) және CGN (6%) болды.
Бұдан басқа, ең ірі 10 уран кеніштерінің тізіміне Инкай, Буденовское, Төртқұдық және Харасан 2 кірді.