Қазақстанда 1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Қазақстанда 1 наурыздан бастап ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында жолдарда бір білікке 8 тоннадан астам жүктемемен жүк және ірі габаритті автокөлік үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да шектеу енгізілмек.